Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды

Опубликовано:

Штаб мүшелері
Кадр: Telegram / kaznurkz

Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты облыстық қоғамдық штаб құрылды, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

"Сұйытылған газ бағасының Маңғыстауда күрт өсуіне байланысты халық наразылығын білдіруде. Ел өзінің уәжін билікке жеткізіп, талаптарының орындалуын сұрауда. Бұл дұрыс деп есептейміз. Осы мәселеге байланысты Маңғыстаудың бірнеше азаматтары қоғамдық штаб ұйымдастырды. Штаб мүшелері осы ауылдың өзіміз танитын жігіттерінен құралып отыр.

Әлеуметтік желілерден және тікелей телефонымызға Маңғыстаудың азаматтары шығып осы іске араласуды сұрауда. Елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, Маңғыстаудың амандығы барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын!

Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты - елдің талабын үкімет комиссиясына жеткізіп, сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу. Біз осыған жұмыстанамыз!", - дейді мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин видеоүндеуде.

Штаб мүшелері:

Жаңбыршин Еділ - парламент мәжілісінің депутаты;

Мусабаев Самат - парламент мәжілісінің депутаты;

Өрісбаев Аббат- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты;

Сүгірбай Аят- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты;

Ерсайынұлы Уәйс - Ақтау қалалық мәслихатының депутаты;

Бимағамбет Әнуар - ақын, журналист;

Алмас Алтай - журналист.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді. Президент үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған.

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Өңірде газ бағасы төмендейтіні хабарланды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда үкіметтік комиссия өз жұмысына кіріскенін мәлімдеген болатын.

Оған қоса, Qazaq Oil компаниясы орын алған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған президент әкімшілігінің, энергетика министрлігінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949724-mangystau-oblysyndagy-qogamdyq-sayasi-axualga-bailanysty-arnaiy-stab-quryldy/

pixel