Президенттің Алматыдағы резиденциясы не үшін сүрілетіні белгілі болды
Опубликовано:

Президенттің Іс басқармасы Алматыдағы мемлекет басшысының резиденциясын сүрудің себебін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты сарапшыларының соңғы қорытындысы бойынша резиденция ғимаратының "пайдалануға жарамдылығы шектеулі" екені анықталған.
Президенттің Іс басқармасы аталған нысанның жарамдылығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Белгілі болғандай, ғимараттың барлық тірек құрылымдары мен шатырлардың негізі болып табылатын металл элементтері өрт пен өте жоғары температура салдарынан зақымдалған.

Сонымен қатар, президенттің Іс басқармасы ғимараттың аман қалған сынықтарындағы өрттің иісін толығымен жою мүмкін емес екенін атап өткен.
Ведомство мәліметінше, ғимараттың негізгі құрылымдарын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуы үшін орасан зор қаражат қажет.
Сарапшылардың пікірінше, нысан жөндеуден өткеннен кейін де оның қауіпсіздігіне кепілдік жоқ.

Президент Іс басқармасы республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзу заңнамада белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып жүзеге асырылатынын алға тартады.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Алматыда бүлінген президент резиденциясының орнына саябақ салынатынын жеткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959306-prezidenttin-almatydagy-rezidenciyasy-ne-usin-suriletini-belgili-boldy/