Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директоры ұсталды

Опубликовано:

Ұстау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 1 сәуірде 13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС (Оператор РОП) бұрынғы басқарушы директоры ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директорын ұстаған.

"Ол "Жасыл Даму" АҚ ("ӨКМ Операторы" ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы "RecyclingCompany" ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған қаражатты жымқырды деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс 2016-2019 жылдар аралығында "ӨКМ Операторы" ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді.

Осы ретте ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын жазған едік.

Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963193-okm-operatory-zss-buryngy-basqarusy-direktory-ustaldy/

pixel