Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қар көшкіні астында қалған екі адамның бірі аман табылды

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы тауларындағы қар көшкініне байланысты жүріп жатқан іздеу-құтқару жұмыстары жайлы тың дерек шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар қар құрсауынан бір адамды аман алып шықты.

Мамандар оның иығы шығып кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр.

Қазір екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп мәлімдеді қалалық ТЖД.

Ведомство құтқарушылар іздеу-құтқару операциясына бір тікұшақ пен дрон жұмылдырғанын анықтады.

Іздеу жұмыстарына 31 адам, 8 бірлік техника және екі кинологиялық есеп қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы тауларының "Молодежный" шыңында қар көшкіні жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Ведомство ақпарынша, қар көшкіні туралы ақпарат диспетчер пультіне сәрсенбі күні шамамен 13.28-де түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964868-almatyda-qar-koskini-astynda-qalgan-eki-adamnyn-biri-aman-tabyldy/

pixel