Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жәрдемақы мөлшері көбейе ме: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов ОКҚ өткен брифингте елімізде жәрдемақы мөлшері көбейе ме деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз жәрдемақы мөлшерін ұлғайтып, адамдарды үйіне отырғызып қоймауымыз керек. 2019 жылы жәрдемақы берген кезде сондай тәжірибе болды. Біз сол кезде атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасыру, жалған ажырасу және басқа да фактілерді анықтадық", - деді ол.

Сонымен бірге Ниязов атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тағайындалмайтынын айтты.

"Біз адамды жұмысқа орналастыру бойынша жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Егер ол үйінен шыққысы келмей, тек жәрдемақы алғысы келсе, онда біз ондай мүмкіндік бермейміз. Мұндай жағдайда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындай алмаймыз", - деді спикер.

Ниязовтың дерегінше, 2020 жылы 4-6 адамнан тұратын 185 мың қазақстандық отбасы АӘК алған. Ал 2021 жылы көмек алғандар саны 198 мыңға жеткен.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша 51 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты... Кімге көмек керек болса, қолдан келгенше көмектесеміз. Ең алдымен жұмыспен қамтуға тырысамыз", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971366-elimizde-zardemaqy-molseri-kobeie-me-enbek-zane-xalyqty-aleumettik-qorgau-ministrligi-zauap-berdi/

pixel