Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы.

"Туған жерге туыңды тік" деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: "Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес". Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым. Қазір еліміз түбегейлі және жан-жақты өзгеру жолына түсті", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Алматыда өткен "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал рэпердің концерті қоғамда үлкен дау тудырды. Нақтырақ айтсақ, әртістердің сахнада өз-өзін ұстауы, көк туға деген құрметі халықтың ашуына тиді.

Бұл жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, бұған концертке алкоголь ішіп шығу себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Одан бөлек бұл жайтқа қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та пікір білдіріп, өзі басқаратын ведомство мән-жайдан хабардар екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972086-toqaev-bairagymyzdy-paidalanu-tartibin-qaita-qarau-kerek-dep-oilaimyn/

pixel