Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз бұл мәселені жақсы білеміз ": Абаев "Ирина Кайратовна" тобының концертінде орын алған жайтқа қатысты өз ойын айтты

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев министрлер кабинетінің отырысынан соң Ирина Кайратовна" тобының концертінде орын алған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дәурен Абаев мұндай жағдайлар болып тұратынын айтты.

"Шын мәнінде елімізде мыңдаған концерт өтеді. Мұндай оқиғалар болып жатады, бірақ әртістердің бәрі бірдей мұндай күйде ел алдына шықпайды. Біз бұл мәселені жақсы білеміз және осы мәселемен айналысып жатырмыз. Жуық арада осы бағытта қандай жұмыс атқаратынымыз жайлы нақты хабарлайтын боламыз", - дейді ол.

Ал әртістер бұл әрекеті үшін қандай жауапкершілікке тартылады деген сұраққа министр қысқа жауап қайырды.

"Бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Алматыда өткен "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал рэпердің концерті қоғамда үлкен дау тудырды. Нақтырақ айтсақ, әртістердің сахнада өз-өзін ұстауы, көк туға деген құрметі халықтың ашуына тиді.

Бұл жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, бұған концертке алкоголь ішіп шығу себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Көп ұзамай "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов қазақстандықтардан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады.

Дегенмен өнер адамдары бұл оқиға шамына тигенін, сондықтан сахна әдебін қолға алу керектігін айтып, дабыл қағуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972043-biz-bul-maseleni-zaqsy-bilemiz-abaev-irina-kairatovna-tobynyn-koncertindegi-zaitqa-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel