Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Болат Назарбаевтың жағдайы тұрақты ауыр

Опубликовано:

Желіде Болат Назарбаевтың қатерлі дертке шалдыққаны туралы ақпарат тарады
Болат Назарбаев. Фото: saliqaly.kz

Бұқаралық ақпарат құралдарында танымал қазақстандық бизнесмен әрі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші інісі Болат Назарбаевтың онкологиялық ауруға шалдыққаны және қазіргі таңда ауыр халде екені туралы ақпарат тарады.

"Экспресс К" басылымның жазуынша, болжам бойынша Болат Назарбаев бүгінде Алматыда немесе Алматы облысында ем алып жатыр.

Басылым дереккөздерінің мәліметіне сәйкес, тұңғыш президенттің інісі өңештің қатерлі ісігіне шалдыққан, сондай-ақ оның дерті өкпе қабынуы мен қан ұюынан асқына түскен.

Дәрігерлер Назарбаевтың жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Себебі, ол қант диабетімен де ауыратындықтан инсулинге тәуелді.

Газетке ақпарат берген дереккөздер тұңғыш президенттің 69 жастағы інісі қазір жұмысқа жарамсыз екенін және Германия мен Израильде емделгенін жеткізді. Алайда былтырғы жылдың аяғында оны елге әкелген.

Tengrinews.kz сайтына сұхбат берген "Салиқалы ұрпақ" қорының директоры Қасым Қасабеков Болат Назарбаевтың жағдайы тұрақты ауыр екенін растады.

Директордың айтуынша, Болат Назарбаев 2015 жылдан бері онкологиялық дертпен күресіп келеді.

Сайттың мәліметінше, Болат Назарбаев "Салиқалы ұрпақ" қорының негізін қалаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979794-baq-bolat-nazarbaevtyn-zagdaiy-turaqty-auyr/

pixel