Мәскеу-Алматы бағыты бойынша әуе билеттері неге "қымбаттады": ААК жауап берді
Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Мәскеу-Алматы бағыты бойынша әуе билеттері күрт қымбаттағаны туралы ақпарат тарауда. Аталған мәселеге байланысты Азаматтық авиация комитеті өз Telegram парақшасында пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерде Мәскеу – Алматы бағыты бойынша билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуе компаниясы) және Дубай – Алматы ("Эйр Астана"әуе компаниясы) бағыты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілгенін хабарлаймыз.
Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет.
Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:00-дегі жағдай бойынша:
2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша "SCAT" қазақстандық әуе компаниясының рейсіне билет құны 253688 теңгені және ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі бағасы 208078 теңгені құрайды.
2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясының рейсіне билет құны 334146 теңгені құрайды",- деді ААК өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988970-maskeu-almaty-bagyty-boiynsa-aue-biletteri-nege-qymbattady-aak-zauap-berdi/