Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да аудан әкімінің аудиожазбасына байланысты қызметтік тексеріс басталды

Опубликовано:

Марат Тоқжанов
Марат Тоқжанов. Фото: gov.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановқа қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та шенеуніктің бір сағат, жиырма минутқа созылған жиналыс кезінде бірнеше рет балағат сөздер қолданғаны жазылған аудиожазба тараған болатын.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, бұл аудиожазбаға байланысты қазір Марат Тоқжановқа қатысты қызметтік тексеріс басталған.

Бұл ретте, ведомство Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар айқындалғанын атап өтті.

"Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық сынды фактілерге жол бермеу керек.

Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған шенеунікке қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", – деп түсіндірді ведомстводан.

Агенттік тексерістің қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998811-bqo-da-audan-akiminin-suly-audiozazbasyna-bailanysty-qyzmettik-tergeu-bastaldy/

pixel