jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мусин Астанадағы митинг кезінде неліктен интернеттің істемей қалғанын түсіндірді

Ер адамның компьютердің алдында отыр
Ер адам компьютерге қарап отыр. Фото: Рexels.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бағдат Мусин сенат кулуарында 26 қараша, сенбі күні Астанада өткен заңсыз митинг кезінде ұялы байланыс пен интернет неліктен істемей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгінде барлық оператор заң бойынша интернет қызметтерін интернет шлюздер, яғни трафик алмасу нүктелері арқылы таратуға міндетті. Бұл барлық құрылғыға – трафик алмасу нүктелеріне – МТҚ жауап береді ( "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ - ред.). Егер осы интернет шлюзде бірдеңе болса, сәйкесінше трафиктің таралуы қиындайды немесе мүлдем өшірілуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде операторға байланысты емес. Бұл МТҚ орнатқан құрылғыға байланысты болуы мүмкін", – деп түсіндірді министр.

Бағдат Мусин бұған дейін Мемлекеттік техникалық қызмет берген ақпаратқа сүйенетінін атап өтті.

"Мен сарапшы ретінде автоматты түрде қайта қосылу үшін үздіксіз жұмыс істейтін қуат орнатуға болады деп санаймын. МТҚ келесі жолы басқа үздіксіз қуат көздеріне қайта қосылу лезде жүруі үшін және бұл көп уақытты алмас үшін қажетті жұмыстарды жоспарлап қойды", – дейді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Астана полициясы хабарлағандай, 26 қарашада қаланың түнгі клубтарының бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушы 300-ге жуық жастарды тартқан кәсіпкер болып шықты. Нәтижесінде ол жиналғандарды заңсыз шеруге шақырған.

Кейінірек заңсыз митингтің ұйымдастырушысы жауапқа тартылып, 15 күнге қамауға алынды.

Ал астаналықтар митинг кезінде қалада интернеттің істемей қалғанына шағымданды. Алайда МТҚ желідегі ақаулар митингке байланысты емес екенін мәлім етті. Олардың мәліметінше, Астана мен Ақмола облысындағы интернет-шлюздеріндегі электрмен жабдықтау құрылғыларында апат болған.

Айта кетейік, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха да елордада интернеттің істемей қалуы митингке еш қатысы жоғын айтқан еді.

Мусин Астанадағы митинг кезінде неліктен интернеттің істемей қалғанын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.