Атырауда 8 жасар оқушы суға батып кете жаздаған екі жеткіншекті құтқарып қалды (видео)
Опубликовано:

Атырауда 8 жасар оқушы суға батып кете жаздаған екі жеткіншікті құтқарып қалды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда Атырау қаласындағы Жұмыскер көпірі маңында болған. 2008 жылғы және 2013 жылғы екі оқушы мұз үстінде ойнап жүріп, кенеттен мұз ойылып, балалар суға түсіп кеткен.
Болған жайтты көрген 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай еш қорықпай, мұз үстімен балаларға барып, оларды судан шығарып алған.
Ал оқиға орнына жеткен полицейлер балаларға көмектесіп, аман-есен ата-аналарына тапсырған.
"Дінмұхаммедке ержүрек әрекеті үшін алғыс білдіремін. Ол болмағанда бұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталушы ме еді?! Осындай батылдығы үшін ол зор құрметке лайық. Ержүрек қасиетке баулап өсірген ата-анасына да көп рақмет! Дені сау болып, өсе берсін", - дейді 9 жастағы жеткіншектің анасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000192-atyrauda-8-zastagy-oqusy-suga-batyp-kete-zazdagan-eki-zetkinsekti-qutqaryp-qaldy-video/