Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім гемодиализде": Талғарда 12 балалы отбасы аядай пәтерде жан бағуға мәжбүр

Опубликовано:

көпбалалы ана
Гүлнәз Отынбекова. Фото: Гүлнәз Отынбекованың жеке мұрағатынан

Талғарлық Гүлнәз Отынбекова 10 баласымен 80 шаршы метрлік аядай пәтерде тұрып жатыр. Үш жыл бұрын күйеуінің қос бүйрегі істен шығып, диализге тәуелді болып қалған. Қазір отбасы үкіметтен алатын ай сайынғы жәрдемақыға күн көруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнәз Отынбекова - 12 баланың анасы. Оның 10-ы кәмелетке толмаған. Көпбалалы ана қазір бала күтімімен декреттік демалыста отыр. Оның үстіне жолдасы бүйрегі істеп шығып, жұмысқа жарамай қалған.

Айтуынша, қазір кәмелетке толмаған 10 балаға берілетін жәрдемақымен күн кешуде. Күн өткен сайын қымбатшылық қысып, балалардың жүріп-тұруына қаражат таппай отырған отбасы елден көмек сұрайды.

"2014 жылы бізге үкіметтен үш бөлмелі пәтер берілді. Содан кейін жолдасым ауырып қалды. Бастапқыда қан қысымы көтеріліп, 200-ден асып жүрді. Бесінші қабатта тұратындықтан қан қысымы түспейді деп ойладық. Көп дәрі ішті, бүйрегінде тас болды. Жалпы бес жылдай солай ауырды. Сөйтіп аяғында креатинин 800-900-ге дейін көтерілгендіктен гемодиализге жатты. Үш жыл болды міне диализ алып жүргеніне. Жұмысқа жарамсыз. Онлайн жұмыс істеймін деп талаптанып еді, оған жұмысқа жарамсыз деген қағазы болған соң алмады. Қазір сол үкімет берген коммуналдық пәтерде тұрып жатырмыз.

Балаларымның үлкені 24-те, қалада жұмыс істейді. Екінші қызым тұрмыста, бір қызы бар. 10 балам кәмелетке толмаған. Жетеуі - сабақта, біреуі - студент, екеуі үйде. Кішкентайым - бір жарым жаста. Атаулы әлеуметтік көмек аламын. Жолдасым мүгедектігі бойынша зейнетақы алады, бірақ оның бәрі дәрісіне кетеді. Жолдасыма да, балаларыма да күтім керек", - дейді Гүлнәз.

көпбалалы отбасының пәтер
көпбалалы отбасы тұрып жатқан пәтер. Фото: Гүлнәз Отынбекованың жеке мұрағатынан

Шағын пәтерде 10 баламен тұру отбасыға қиынға соғып отыр. Көпбалалы ананың сөзінше, үкімет бұдан артық пәтер бере алмайды.

"Талғарда қызмет еткен әкімдердің бәрінің алдынан өтіп шықтым. Бізге заң бойынша үй бір-ақ рет беріледі екен. Кеңейту мүмкіндігіміз жоқ екен. Мысалы, мен осы үйді көпбалалы ана ретінде алдым ғой. Демек жолдасымның мүгедектігі бойынша үй алуға құқы жоқ. Осы үйді жолдасымның атына аудара алмай әлі жүрмін, үш жыл болды. Өйткені бұл үйді көпбалалы ана ретінде алдық, ал мұндай жағдайда пәтерді жекешелендіріп алуға болмайды екен. Ол үшін қалған ақшасын толық төлеп алуымыз керек. Бес миллион теңгедей. Ондай ақша жоқ", - дейді ол.

Декреттік демалыста отырған көпбалалы ана елдің қаржылай көмегіне зәру екенін айтады.

Талғарлық отбасыға ақшалай көмек беру үшін реквизит төмендегідей:

Kaspi gold: +7 771 491 5511 - Кушбаев Диас Маратович (Гүлнәздың ұлы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001513-kuieuim-gemodializde-talgarda-12-balaly-otbasy-ayadai-paterde-zan-baguga-mazbur/

pixel