Түркиядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты Газиатеп қаласынан Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізілуде. Осы орайда, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі сол жақтағы қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматтары 7 ақпан сағат 12:00 Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедуралардан өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексерісі, және т.б) дайын болуы тиіс", - делінген елшілік таратқан хабарламада.
Сонымен қатар елшілік қызметкерлері Қазақстанға оралуға ниетті азаматтардың тізімін жасау үшін міндетті түрде төмендегі телефон нөмерлеріне хабарласу қажеттігін атап өтті.
- +90 538 880 7041 – консул Темірлан Сайлаұлы;
- +903124919100 – кезекші комендант.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.
Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан Түркияда 3 419 адам, Сирияда 800-ден аса адам көз жұмған.
Төтенше жағдайға байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Елде және мемлекеттің шетелдегі өкілдіктерінде 12 ақпан күні батқанға дейін мемлекеттік тулар төмен түсірілетін болады.
Сондай-ақ бүгін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.
Жасақ құрамында ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері және құтқарушы иттер бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008405-turkiyadagy-qazaqstan-elsiligi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/