Түркияда үйінді астынан бір қазақстандықтың денесі табылды
Жарияланған күні:
Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта бір Қазақстан азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар мәліметінше, Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Олар толығымен қираған алты қабатты үйдің көлемі 18 мың м3 асатын үйіндісінде іздеу жұмыстарын жасауда.
Ведомства мәліметінше, жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта бір Қазақстан азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Ердоғанның айтуынша, бұл зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі. Дүйсенбі күні түстен кейін магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Осы апатқа байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланып, табиғи апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай енгізілді.
Сондай-ақ Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматының із-түссіз жоғалып кеткені белгілі болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда тағы бірнеше қазақстандықтың іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Кейін із-түзсіз жоғалған қазақстандықтардың бірі тірі табылғаны белгілі болды, қалған екі қазақстандықты іздеу жұмыстары жалғасып жатқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008803-turkiyada-uiindi-astynan-bir-qazaqstandyqtyn-denesi-tabyldy/