Түркияда қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге қашан жеткізіледі
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың денесі елге қашан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айбек Смадияров осы сағаттағы Түркиядағы жағдай туралы айтты.
"Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирус Құрмашевтың денесі 11 ақпанда Қазақстанға жеткізіледі", – деді ол.
Еске сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Хатай провинциясында Қазақстанның үш азаматы мен олардың түрік досы жоғалып кеткен болатын.
8 ақпанда жоғалғандардың бірі - Сабина Мамадьярова ғимарат үйінділерінің астынан аман-есен табылды, ол ауруханаға жатқызылды.
Ал кеше, 9 ақпанда құтқарушылар Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Әділ Қадырбековтың денесін тапты.
Сонымен қатар Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі табылып, шығарылған еді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан қазақстандық Мирус Құрмашевқа жазба арнады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008938-turkiyada-qaza-tapqan-eki-qazaqstandyqtyn-denesi-elge-qasan-zetkiziledi/