jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар киіз үй тіге бастады (видео)

Киіз үйлер
Киіз үйлер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қазақстандықтар Кахраманмараш қаласында киіз үйлерді тігуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Киіз үйдің алғашқы легі келіп, Кахраманмараш қаласында орнатылып жатыр. Бұл киіз үйлердің Түркияға жеткізілгеніне бірнеше күн болды. Бүгін тағы 84 киіз үй жеткізіледі", – деп жазды қазақстандық тілші Нұрбек Бекбау Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, Түркия халқына қол ұшын созуға Қазақстаннан 12 ерікті келген. Түрік еліне жалпы саны 100-ден астам киіз үй жеткізіледі.

Видеолардың бірінде киіз үйде түнеп, оны тестілеуден өткізген Нұрбек Бекбау жылы көрпе, электр плиталары қажет екенін айтты.

"Кахраманмараш қаласы– бұл тауда орналасқан қала. Дәл қазір сыртта ауа райы -17 градус, өте суық. Киіз үй тігіп алып, ішінде жатырмыз. Соның өзінде суық. Эксперимент ретінде не керектігін тексеріп жатырмыз. Жорықтық көрпе және ошақ керек екен, осыны түсініп жатырмыз, бірақ мына киіз үйге жиырма кісіні еркін сыйғызуға болады, бұл да бір көңілге медеу", – дейді Бекбау.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге киіз үй алу үшін 18 миллион теңге жинап берген болатын.

Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар киіз үй тіге бастады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.