jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандағы мектептер оқулықтарды мерзімінен бұрын өткізгені үшін жазалануы мүмкін

Оқулықтар
Оқулықтар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Министрлер кабинетінің кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі кейбір мектептерде оқу жылы аяқталмаса да, оқушылардың оқулықтарды ерте тапсырып тастауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейсембаев оқу жылы 31 мамырда аяқталатынына байланысты белгілі бір стандарттар бар екенін еске салды.

"Әр мектеп стандартқа сай болуы керек. Белгілі бір фактілер анықталса, оған қатысты шаралар қабылданады. Мектеп басшылығы жақсы білетін арнайы ережелер, заңнамалық нормалар бар", - дейді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының білім басқармасы 31 мамыр күні барлық мектепте бекітілген кестеге сәйкес сабақ өтетінін және оқу күні сынып сағатымен аяқталатынын хабарлаған еді.

Ал оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара яғни, соңы қоңырау оңтүстік астанада 1 маусым күні тек 4, 9 және 11-сынып оқушылары үшін өткізіледі.

Астана қаласының білім басқармасы да соңғы қоңырау шарасы 1 маусым күні - 4, 9 және 11 сыныптар үшін өтетінін мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы мектептер оқулықтарды мерзімінен бұрын өткізгені үшін жазалануы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.