Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше адам жансақтау бөлімінде: дәрігерлер Ақкенттегі өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Науқас пен дәрігер
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Ақкенттегі өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайы жөнінде мәлімет жарияланды. Бірнеше адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ақкент ықшамаудындағы өрт кезінде 49 адам зардап шеккен. Оның ішінде екі ересек адам мен 15 бала стационарлық ем алуда. Қалған ересек адамдар мен бір бала реанимацияда жатыр.

"35 жастағы әйелдің биіктіктен құлау нәтижесінде жарақат алғаны және бірнеше жері сынып, екі өкпесіне зақым келгені анықталды. Сондай-ақ зардап шегушіге жанған заттардың түтінінен улану және екінші дәрежелі травматикалық есеңгіреу диагнозы қойылды.

Сондай-ақ 19 жастағы бойжеткенде бас сүйек-ми ауыр жарақаты бар және бірнеше жері сынған", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты екенін атап өтті.

Ақкент ықшамауданындағы өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақкенттегі өрт салдарынан ауруханада көз жұмған әйелдің нақты қандай диагнодан каза тапқанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031131-birnese-adam-zansaqtau-boliminde-darigerler-aqkenttegi-ort-kezinde-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-turaly-aitty/

pixel