Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арман" мен Қайрат Құдайбергенге қатысты іс бойынша сот отырысы басталды

Опубликовано:

Арман Жұмагелдиев
Арман Жұмагелдиев. Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

Алматыда "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен оңтүстік астана мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы басталды. Сот процесі ашық режимде өтуде.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, сотта Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтен бөлек тағы 43 адамның ісі қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты іс материалдары сотқа келіп түскенін хабарлаған едік.

"Дикий Арманның" ісі

Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда ұсталған болатын. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше ұзартылды. Соңғы рет оны қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 9 тамызда ұзартылды.

Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікке ілінген.

Биыл қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде "Дикий Арманның" әрекеті қалай үйлестірілгенін және оған кім көмектескенін айтты.

Қайрат Құдайбергеннің ісі

Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айының соңында ұсталған болатын. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше ұзартылды. Соңғы рет оны қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 23 тамызда ұзартылды.

Прокуратура Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысты және ұйымдастырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Алайда экс-депутат өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Сондай-ақ ол Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036606-dikii-arman-men-qairat-qudaibergenge-qatysty-is-boiynsa-sot-otyrysy-bastaldy/

pixel