Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала басшылығы алматылықтарға су тасқыны қаупіне байланысты үндеу жасады

Опубликовано:

Жаңбыр. Көрнекі фото:
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін Алматыда күн жауын-шашынды. Нөсер күн соңына дейін жалғасады деп күтіледі. Осыған байланысты қала билігі тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"22 қыркүйекте таңғы сағат 09.00 шамасында Алматы қаласында жаңбыр жауады деп күтілуде, ол күннің соңына дейін жалғасады. Таңертең жаңбыр мен екпінді желдің күшею ықтималдығына байланысты арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 46 патрульдік топ ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, болуы мүмкін су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 165 арнайы техника, 26 мотопомпа және 836 жұмысшы жұмылдырылды. Сондай-ақ 1825 құм салынған қап дайындалған.

Сонымен қатар аудан әкімдіктері жұмыс барысын бақылауға алу үшін кезекшілік ұйымдастырды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, Алматыда жаңбыр жауып, таңертеңнен 14.00-ге дейін желдің екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. 23 қыркүйекке қараған түнге дейін өткінші жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы күндіз +12...+14 градус жылы болады.

"Жаңбырлы күні жолда абай болыңыз! Жел күшейген жағдайда бұтақтар сынып, арық қоқысқа толып, бітеліп су тасқыны болуы мүмкін, сол себепті жаяу жүргіншілерден сақ болуды сұраймыз. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты сақтауға, шұғыл маневр жасамауға шақырамыз", - деп ескертті басқармадан.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына жұма күні ауа райының қолайсыз болатынын ескертті - оңтүстік астанада қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Ведомство қолайсыз ауа райы кезінде автомобильдің жылдамдығын төмендетуді, авариялық шамдарды қосуды немесе қатты жаңбырдың басылғанын күтуді, мүмкіндігінше пәтерде немесе жұмыста қалуды ұсынады.

Сондай-ақ ТЖД жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді нөсер су ағынын бұруға дайындау шараларды қабылдауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037651-qala-bassylygy-almatylyqtarga-su-tasqyny-qaupine-bailanysty-undeu-zasady/

pixel