Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде асфальт төселіп жатқан көшенің дәл ортасында электр бағаналары пайда болды (фото)

Опубликовано:

жол үстіндегі бағана
Жол үстіндегі электр бағанасы. Фото: тұрғынның жеке мұрағатынан

Ақтөбе қаласында жол құрылысы жүріп жатқан көшенің қақ ортасына электр желісінің бірнеше бағанасы орнатылды. Бұл жағдай асфальт төсеу жұмысына кедергі келтіргендіктен жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Келеңсіз жағдай Ақтөбе қаласы Жаңақоныс тұрғын үй алабында болды. Электр желісін ауыстыру жұмыстарын жүргізгендер жолдың қақ ортасына бағана орнатып кеткен. Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын туғызып, асфальт төсеу жұмыстарына кедергі келтірді.

"Жаңақоныс ауданында Манас көшесі мен Әуезов көшесінің қиылысында жақында осындай бағаналар пайда болды. Көшенің қақ ортасына бағана тартып кеткен. Ауданымызда жолға асфальт төсеу жұмыстары жүріп, тротуарлар салып жатыр. Қателіктер жол салу жұмыстарына кедергі келтіріп тұр. Барып, ескерттім. Қалыпқа келтіреміз деп айтты. Бұл жасағандары ақылға қонбайтын әрекет", - дейді тұрғын Амангелді Қонысбаев.

Әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен сурет көпшіліктің ашуын туғызды. Жолдың қақ ортасына қойылған бағаналарға жұрт тіксіне қарады. Жол жөндеушілер бағаналар тұрған орынға асфальт төсемей қалдырып кеткен.

Аудан әкімі Айбек Көпенов аталған кемшіліктердің таяу арада жойылатынын хабарлады.

"Жаңақоныс тұрғын үй алабы Әуезов көшесінде автомобиль жолын құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Келісім бойынша биыл 27 қыркүйекте "Энергосистема" ЖШС қызметкерлері автомобиль жолы бөлігінде орналасқан 8 электр бағандарының орынын ауыстыру жұмыстарын жүргізілгеннен кейін, асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жалғасады. Ол көшеде осындай 8 бағана бар. Барлығы алынады", - деді Астана ауданының әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037967-aqtobede-asfalt-toselip-zatqan-kosenin-qaq-ortasynda-elektr-baganalary-paida-boldy-foto/

pixel