jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

Еліміздегі мектептерде өрт пен жер сілкінісіне қарсы оқу-жаттығулар басталды

Мектеп, балалар, білім.
Мектеп. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қыркүйектің 25-і мен 29-ы аралығында қазақстандық мектептерде төтенше жағдай кезінде әрекет етуге қатысты оқу-жаттығулар өтуде, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода мектеп оқушылары, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі өрт, жер сілкінісі және т.б. төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайын болуы керек екенін атап өтті.

"Оқу-жаттығу шеңберінде министрлік қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын бақылайды. Мониторинг мектептердегі қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін бағалауға және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторинг нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларына қажетті өзгерістер мен жетілдірулер енгізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мектептегі балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін, мұндай шаралардың өткізілуі балаларға қауіпсіз ортаның қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, оқу жылы басталар алдында ТЖ министрі Сырым Шәріпханов ата-аналарға, педагогтар мен оқушыларға үндеу жолдаған болатын.

Еліміздегі мектептерде өрт пен жер сілкінісіне қарсы оқу-жаттығулар басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.