jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Енді ҰБТ-ға қалам алып кіруге рұқсат етілмейді

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бұдан былай талапкерлерге тестілеуге қалам әкелуге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы ресми сайтында хабарлады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-да ереже бұзушылықтың алдын алу мақсатында бұдан былай талапкерлерге тестілеуге қалам әкелуге рұқсат етілмейді.

"Тестілеуге кіргізу тек жеке куәлік бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ өзіңізбен су және шоколад алып кірсеңіз болады", - делінген хабарламада.

Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырушыларға қалам мен қағазды тек тестілеу әкімшілері (кезекшілері) беретінін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы ҰБТ-да болатын болатын өзгерістер туралы айтқан еді.

Кейін Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы келесі жылы ҰБТ-да кейбір пәндер бойынша шекті бал өзгергенін хабарлады.

Енді ҰБТ-ға қалам алып кіруге рұқсат етілмейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.