Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамауда отырған Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаев аштық жариялады

Опубликовано:

айыпталушы Ермек Имантаев
айыпталушы Ермек Имантаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе қалалық №2 сотында облыстың экс-әкімі, "Ақтөбе" ӘКК-нің бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевқа қатысты өтіп жатқан сот тыңдалымы бүгін айыпталушының үндеуінен басталды. Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікке ілінген шенді аштық жариялағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айыпталушы Ермек Имантаев өз қорғаушысынан бас тартты. Экс-шенді соттан мемлекеттік қорғаушы тағайындауды сұрады.

"Мен өз қорғаушыларымнан бас тартамын. Маған мемлекеттік қорғаушы керек. Мен аштық жариялап отырмын. Себебі мемлекеттік органдарға жолдаған хаттың бәрі кері қайтып жатыр. Ешкім менің ісімді байыппен қарағысы келмейді. Бүгіннен бастап (27 қыркүйек- ред.) аштық жарияладым. Іс обьективті түрде қаралуы керек. Бүгін Бас прокурор мен Жоғарғы соттың төрағасымен сөйлескім келеді", - деді Имантаев.

Ақтөбе облысының экс-әкімі қазір денсаулығы нашарлағанын айтты.

"Құрметті қазақстандықтар, мен бүгіннен бастап аштық жарияладым. Құрғақ аштық. Су ішпеймін, тамақ ішпеймін. Басты мақсатым - Бас прокурор мен Жоғарғы сот төрағасымен сөйлесу. Қылмыстық істе заңбұзушылық болғанын айтып, жеткізу мақсатында мен барлық органға, депутаттарға, прокуратураға жаздым. Облыс прокурорына, ҚАЖ департаменті бастығына аштық жариялайтыным туралы айттым. Кеше жедел жәрдем мені ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер құрғақ аштықтың қауіпті екенін айтты. Жүрек ауруы бар адам екі күн ғана шыдай алады екен. Соған қарамастан мен тәуекелге бардым. Мені естісе деймін. Кезекші прокурор, қандай да бір мемлекеттік органның басшысы келіп, менің не айтқым келетінін біліп, түсінгісі келмеді. Қылмыстық істе заңбұзушылық көп. Дәлелдер мен айыптаулар қарама-қайшы. Істі қайта тергеуге жібер деп қайта-қайта сұрадым. Мені естімейді. Мен өлсем құқық қорғау органы еститін шығар. Сондықтан аштықты тоқтатпай, соңына дейін жеткізгім келеді", - деді ол.

Сот отырысы жалғасып жатыр. Іс қазір мемлекетке 200 млн теңгеге жуық шығын келтірді деп айыпталған "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевтан жауап алу сатысында.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038621-qamauda-otyrgan-aqtobe-oblysynyn-eks-akimi-ermek-imantaev-astyq-zariyalady/

pixel