Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда комаға түсіп, ауруханада жатқан Қазақстан азаматы көз жұмды

Опубликовано:

Арман Ахметшаев
Арман Ахметшаев. Фото: instagram.com/korea_komek

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында биыл 4 қыркүйектен бері ауруханада комада жатқан қазақстандық Арман Ахметшаев қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның жұбайы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен Арман Ахметшаев биыл 4 қыркүйектен бері Тэгу қаласындағы ауруханада комада жатқан еді. Жұбайы Бану Жақсылықова кеше күйеуі Арманнан айырылып қалғанын айтты.

"Күттің, сездім, соңғы деміңде қасында болдым. Алланың қалауы сол шығар, бұйырмадың. Көнемін ғой, қайтемін", - деп жазды Бану Whatsapp желісінде.

Қазір келіншек Оңтүстік Кореяда. Марқұмның денесін елге алып қайту үшін жүгіріп жүр.

Арман Ахметшаев
Бану Жақсылықованың жазбасынан скриншот: KAZ.NUR.KZ

"Қазір Кореядамын, денесін алып кайту қиындап тұр", - дейді Бану Жақсылықова портал тілшісіне.

Қазақстан азаматының қайтыс болғанын Оңтүстік Кореядағы елшілік өкілдері растап отыр. Бұл жағдай туралы алдағы уақытта Сыртқы істер министрлігінің апта сайынғы баспасөз мәслихатында хабарланатыны айтылды.

Еске сала кетсек, Арман Ахметшаевқа кореялық дәрігерлер мидың гипоксиясы деген диагноз қойған. Қазақстандық жасанды тыныс алу аппаратына таңулы болған. Сондай-ақ жансақтау бөлімінде комада жатқан қазақстандықты елге алып келу бойынша жұбайы көмек сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038511-ontustik-koreyada-komaga-tusip-auruxanada-zatqan-qazaqstan-azamaty-koz-zumdy/

pixel