jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тараздағы жаңа шағынауданда 46 млн теңгенің электр сымы қолды болды

Бағаналар
Электр бағаналары. Фото: KAZ.NUR.KZ

Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржы салынған жаңа аудан ұры-қарының олжасына айналған. "Құмшағал" шағынауданының тұрғындары электр желілерінің сымдарын жымқыру дерегі тиылмай тұрғанына наразы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

16 жыл кезек күтіп, жаңадан бой көтерген "Құмшағал" ауданынан жер алғандардың бірі - Рәтбек Бәйденұлы. Қоныс тойын тойлаймын деп үйінің қабырғасын көтеруге кіріскен ол жарты жолда тоқтап қалған. Өйкені ұрылар аумақтағы жарық желілері мен бағана сымдарын жымқырып кеткен.

"Бәрі тоналып жатыр. Подстансаны да, су сорғыны да жоқ қылды. Енді қазір жарық желісін де ұрлап кеткен. Ел үй соға алмай жатыр. Су жоқ, жарық жоқ. Оның үстіне бізге үй салуға 3 жыл уақыт берген. Мұны 3 жылда соқпақ түгілі, мынандай түрімізбен 6 жылда да соға алмаймыз ғой", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Рәтбек Бәйденұлы.

Инфрақұрылым игілігінен ада қалған жұрт әкімдікке барып арызын айтқан. Олар қазан айына дейін барлық олқылықтарды реттеуге уәде беріпті.

Свежая публикация по теме:
Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

"Әкімдікке екі ай күтіп әрең кіргенбіз. Сөйтіп жанайқайымызды естірткенбіз. Қала әкімі үнімізге құлақ түрді. "Болды, екі айдан кейін мен сендерге бәрін қойып беремін" деп уәде де берді. Қойып бермеді, міне. Әлі жүрміз", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Айдархан Исмайылов.

Әкімдіктегілер қолды болған желінің жалпы құны 46 млн теңгені құрағанын айтады. Енді барлық шығынды өтеуге бағаналарды орнатқан мердігер міндеттелген.

"Жеке кәсіпкер "Айсұлтан" мекемесімен келісіп, қарауыл қойылған. Қазіргі таңда 12 млн теңгені өндіру бойынша жеке сот орындаушыға талап арыз берілді. Қайта қалпына келтіру бойынша жоба дайындалып, сараптама қорытындысы шығарылуда. Жыл соңына дейін толығымен қалпына келтіріп, алқапқа су береміз", - дейді қалаллық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Исабеков.

Қазіргі таңда "Құмшағал" шағынауданында 1300-ге тарта жер телімі бар десек, құрылыс бөлімі тек екі жер теліміне электр энергиясын тартып үлгерген.

Автор: Ұлдана Жұбай

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.