Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Израильде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар туралы деректі тағы да жоққа шығарды

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі ғимараты
Сыртқы істер министрлігі ғимараты. Фото: СІМ

Желіде Израильде бір адам қаза тауып, екі қазақстандық хабар-ошарсыз жоғалып кетті деген ақпарат тағы пайда болды. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильде із-түзсіз жоғалып кеткен екі қазақстандық пен бір азаматтың қаза тапқаны туралы ақпараттың жалған екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі де қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған шетелдіктер туралы мәліметтерді жариялаған болатын. Тізімде бір Қазақстан азаматы болды.

Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Израиль билігі осы кестеде жіберілген қателік үшін кешірім сұрады", - деді Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041573-sim-izrailde-qaza-tapqan-zane-iz-tuzsiz-zogalgan-qazaqstandyqtar-turaly-derekti-tagy-da-zoqqa-sygardy/