Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 63 мың адамға қызмет көрсететін үлкен емхана әлі жылу жүйесіне қосылмаған (фото)

Опубликовано:

қалалық емхана
Қалалық емхана. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбедегі №1 қалалық емхана қызметкерлері жылусыз отыр. Емханаға келушілер де, дәрігерлер де сырт киіммен отыруға мәжбүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғимарат жертөлесіндегі тозығы жеткен құбырлар шіріп кеткен. Емделуге келген тұрғындар тоңып жүргенін айтты.

"Мен қызымды алып келгенмін. Іші сап-салқын екен. Емхананың ішіне қарағанда дала жылы. 15 минуттай отырдым. Салқын боп тұр. Ішінде бәрі күртешемен жүр", - деді қала тұрғыны Гүлбану Баймағанбетова.

Жылыту маусымына үлгермеген емхананың іші кіргеннен салқын екені байқалады. Дәлізде батареялар мен құбырлар жатыр.

емхана
Емхананың іші. Фото: KAZ.NUR.KZ

Тазалықшылар еденді жуарда суды ысытып алатынын айтады. Емхана ішінде қызметкерлерлер де емделушілер де сырт киіммен жүр. Жөндеу жүріп жатқан жертөледе жасалатын жұмыстың әлі де көп екені байқалады. Дәнекерлеу жұмыстары аяқталмаған.

Емхана жертөлесі
Емхана жертөлесі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Емхананың бас дәрігері күрделі жөндеу жұмыстарының кеш бастағанын жасырмады.

"2009 жылы пайдалануға берілген емханада 15 жылдан бері жөндеу жүргізілмеді. Жылу жүйесі күрделі жөндеуді қажет етеді. Құбырлар шіріп тұр. Бұл туралы әкімдік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да хабардар", - деді №1 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжанат Лепесова.

жылу құбырлары
жылу құбырлары. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бас дәрігердің мәліметінше, емхананың жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 58,7 млн теңге қаржы бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгінде 85 пайызға орындалған.

Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, 25 қарашаға дейін жұмыстар толық аяқталады. Жөндеу жұмыстары аяқталған блоктар біртіндеп жылуға қосыла беретіні айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044705-aqtobede-63-myn-adamga-qyzmet-korsetetin-ulken-emxana-ali-zylu-zuiesine-qosylmagan-foto/

pixel