Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Терезелері ашылмайды": көрші үйдің тұрғыны Алматыда өртенген хостел туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Антонина Ивановна
Антонина Ивановна. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Бүгін Алматыдағы Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай болған мекенжай маңында тұратындар жақында ашылған хостел және ондағы тұрғындар туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрші үйдің тұрғыны Антонина Ивановна хостел тұрғындарының шуын байқамағанын айтты.

"Бұрын біз ешқандай шуды байқамадық. 2-3 адам тұрып темекі шегетіндерін көретінмін. Мұндағылар тамақ пісірмейді-ау деймін, ас үйі де жоқ шығар. Терезелері ашылмайды, неге ашылмайды? Сол үшін терезелерді сындырды", - дейді егде жастағы әйел.

Антонина Ивановнаның айтуынша, адамдар жатақханада жаздың ортасынан бастап, шамамен шілде айынан бастап тұрып жатыр.

Алматыдағы хостелде шыққан өрт

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

Қайғылы оқиға болған жерге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алғашқы рейспен төтенше жағдай болған Алматыға ұшып келетіні белгілі болды.

Алматы қаласындағы хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қалалық ПД Алматыдағы хостелде қаза тапқан барлық азаматтың жеке басы анықталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048390-terezeleri-asylmaidy-korsi-uidin-turgyny-almatyda-ortengen-xostel-turaly-aitty/