Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеше ғана көріп едім": хостелде қайтыс болған алматылық жігіттің анасы ұлымен соңғы кездесуі туралы айтты

Опубликовано:

өрт шыққан хостел
Өрт шыққан хостел. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгін таңғы уақытта өрт шыққан хостелге қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандардың бірінің анасы келді. Ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне ұлын кеше ғана көргенін айтты.

Хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқан жігіттің анасы төтенше жағдай болған жерге келді. Әйелдің есімі – Әсем. Ол 22 жастағы алматылық Сүннет Сыдықовтың анасы.

"Мен оны кеше ғана көрдім, біз бір ғимаратта жұмыс істейтін едік, жеке компанияда менеджер болып жұмыс істеймін", - деді ол.

Әйел қайтыс болған ұлының денесін таныды.

Сондай-ақ зардап шеккендердің отбасына психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланды.

Алматыдағы хостелден шыққан өрт

Бүгін, 30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Ади Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өрттен зардап шеккен тағы екі адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Тексеруден кейін біреуі амбулаторлық емдеуге жіберіліп, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев пен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев келді. Сондай-ақ Алматыға алғашқы рейспен Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та бет алды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048447-kese-gana-korip-edim-xostelde-qaitys-bolgan-almatylyq-zigittin-anasy-ulymen-songy-kezdesui-turaly-aitty/

pixel