jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Корпоративтен шыққандар арасында жарақат алғандар көп": дәрігерлер жаңа жыл қарсаңындағы жұмысын көрсетті

Травмпункт
Аурухананың қабылдау бөлімі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Мереке күндері халықтың денсаулығына алаңдап, аяғынан тік тұрып қызмет ететіндердің бірі - дәрігерлер. Бұл күндері жұмыста жүргендер өз отбасын кешігіп құттықтайтынын біреу білсе, біреу білмес. Жаңа жыл түнін қызметте өткізетін ақ халатты жандардың мереке қарсаңындағы күні қалай өтеді? KAZ.NUR.KZ тілшісі арнайы репортаж жасады.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мейрамда ішімдіктен уланған, мас күйінде жарақат алғандар көп.

медицина қызметкері
Аурухана. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының жарақат алғандарға көмек көрсету бөлімі бүгін қарбаласқа толы. Дәрігерге қаралуға кезекке тұрғандар көп.

Соңғы бір апта ішінде облыстық көпсалалы ауруханасының травмпунктіне 650-ден астам адам келген. Соның 347-і мұзға тайып құлаған. 30 адам жол-көлік апаты кезінде зардап шеккендер.

"Көп жағдайда науқастар амбулаторлық емге жіберілді. 650-ден астам адамның ішінде 65-і ауруханаға жатқызылды. Соңғы бір тәулік ішінде 114 адам қабылданып, соның 18-і ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде қала бойынша көпсалалы ауруханада ғана шұғыл қызмет көрсететін жалғыз травматология пункті осы жерде. Мұзда тайып құлағандар ғана емес, демалыс күндері соққы алғандар, төбелескендер мен жол-көлік апатынан зардап шеккендер жеткізіледі. Отбасындағы ұрыс- керіс кезінде жарақат алғандар да бар. Қазір корпоратив көбейіп, жарақат алған адамдар артып кетті. Мас кезде құлап, жарақат алады. Төбелес те бар", - деді травматолог Ғабит Нұрбай.

Свежая публикация по теме:
Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауруханада күзет жоқ. Дәрігерлер ішімдік ішкен адамдармен де өздері тіл табысады. Төбелес жасайтындарға полиция шақыруға мәжбүр. Дәрігерлердің айтуынша, мұнда сағат 10:00-ден ертеңіне таңғы 5:00-ге дейін адам үзілмейді.

"Корпоративтен шығып травмпуктке түсіп жатқандар аз емес. Әсіресе бейсенбіден бастап, демалыста көбейіп жатыр. Бір күнде 115 адам келсе, сағат 12:00-ден кейін қаралғандардың 25-і мас күйінде тайып құлаған, төбелестен жарақат алғандар", - деді травматолог.

Келушілердің барлығын бір дәрігер екі медбике, екі санитар қарап жүр.

медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бөлімге науқастарды жеткізіп жүрген жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері де мейрамда ішімдік ішіп жарақат алатындардың көбейетінін айтты.

"Мереке күндері ішімдік ішіп, уланып қалатын адамдар көбейді. Қазір бір науқасты жеткіздік. Ішімдік ішіп, құлаған. Ұрып кеткен. Мұндай шақырту 25 желтоқсаннан кейін көбейді. Күндіз де, түнде де осындай шақырту болып жатыр", - деді фельдшер Нұрхат Юсупов.

Тұрғындарды жаңа жылмен құттықтаған дәрігерлер сақ болуға шақырды.

Автор: Ардақ Ерубаева

кезекте тұрған адамдар
Ауруханадағы кезек. Фото: KAZ.NUR.KZ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.