Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы жанданды

Опубликовано:

қыс кезі
Қыс кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар көлік жолында шектеулер алынып, көліктер қозғалысы жанданды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы ресми арнасы.

"Қазақстанда барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар көлік жолында шектеулер алынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес облысында жол жабылған болатын. Өңірлерде республикалық маңызы бар автожолдың он участкесіне шектеу енгізілгенін жазған едік.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарына елді мекендерден асып, алыс сапарларға шықпауға кеңес берді.

Кейін боранда тасжолда қалып қойған адамдар құтқарылғаны хабарланды. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері жолда қалған 17 мыңға жуық көлікті жақын маңдағы елді мекендерге жеткізген.

Астана әкімдігі де бүгін ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына осыған ұқсас үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053492-elimizde-respublikalyq-manyzy-bar-zoldarda-qozgalys-zandandy/

pixel