Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзахметов ісіне Қайрат Боранбаевтың ағасының қандай қатысы бары белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Абылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов. Фото: atameken.kz

Елордада "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты істің алдын ала тыңдауында тағылған айыптың мән-жайы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абылай Мырзахметов Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталып отыр. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі – қылмыстық құқық бұзушылыққа итермелеу, 367-баптың 4-бөлігі – аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру, 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы – аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық.

Бұған дейін сот кеңсесі бұл іске сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Талғат Боранбаевтың да қатысы бар екенін мәлімдеді. Оның Мырзахметов ісіне пара беру және алаяқтық дерегі бойынша қатысы бары айтылды.

Мырзахметов ісі бойынша негізгі сот отырысы әлі басталған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін "Атамекен" ҰКП бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны 10 мамырда ұстаған болатын.

Ол кәсіпкерді, оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Бұдан бөлек, Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055599-myrzaxmetov-isine-qairat-boranbaevtyn-agasynyn-qandai-qatysy-bary-belgili-boldy/