Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың бауырына қатысты екі бап бойынша іс тергеліп жатыр

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Видеодан кадр: КТК арнасы

Қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Уразбахова өзінің Instagram-парақшасында Қуандық Бишімбаевтың бауырына қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді, қазіргі уақытта бауыры екі бап бойынша күдікке ілініп отыр:

  • Қылмыстық кодекстің 432-бабы (қылмысты жасыру);
  • Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау).

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс мен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралады", - делінген адвокат Жанна Уразбахованың хабарламасында.

Бұған дейін мәжілісте ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаев пен оның бауырына қатысты қандай баптар бойынша іс қозғалғанын айтып берген.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

2024 жылғы 14 қаңтарда Астана соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 9 наурызға дейін ұзартқаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056390-bisimbaevtyn-bauyryna-qatysty-eki-bap-boiynsa-is-tergelip-zatyr/