Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында зілзаладан кейін 19 нысанда жарық пайда болған

Опубликовано:

Көшеге шыққан Алматы тұрғындары
Жер сілкінісінен кейін далаға шыққан Алматы тұрғындары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Бұл туралы ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс өткізу барысында ТЖ министрі ТЖ жағдайында қауіпсіз және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тартылған азаматтық қорғау қызметтерінің жұмыс барысы туралы жаңартылған баяндамаларды тыңдады.

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түскен.

"ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматы қаласының аумағында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 164 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Осыдан кейін 15 сағат 23 минут және 15 сағат 24 минутта ҚР аумағында сезілмеген дүмпулер болды. 18 сағат 09 минутта эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында ҚР аумағында сезілмеген жер сілкінісі тіркелді", - делінген министрлік хабарында.

Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 19 объектіде жарықтар табылды.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында жағдай тұрақты.

"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді", - дейді мамандар.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жер сілкіністері

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Сондай-ақ Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болған еді. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

23 қаңтар сағат 17:00-дегі ақпарат бойынша Алматы ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-сі бала.

Бұдан бөлек желіде Алматыда жер сілкінісі кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы, сонымен қатар Алматыдағы супермаркетте түсірілген видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057153-almaty-oblysynda-zilzaladan-keiin-19-nysanda-zaryq-paida-bolgan/

pixel