Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңалтындағы" жер астына құлаған автобус: іздестіру жұмыстарына көріпкел кірісті

Опубликовано:

"Майқайыңалтын" АҚ аумағы
"Майқайыңалтын" АҚ аумағы. Фото: Валерий Бугаев

"Майқайыңалтын" аумағында карьерге құлаған құтқарушылардың туыстары автобусты іздеуге көріпкелді шақырған. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері көріпкелді қауіпсіздік мақсатында қазба алаңына кіргізбегенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыстық ТЖД қызметкерлері көріпкелдің іздестіру алаңында болуына олардың еш қатысы жоғын айтты. Олардың сөзінше, көріпкел туыстарының шақыруымен барған, бірақ бірде-бір ведомство кедергі келтірмеген.

"Ол қауіпсіз жерде болды. Құтқарушылар жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге жақындамады. ТЖД қызметкерлері мен басқа да мамандар топырақтың қозғалғыштығын сканерлеуге арналған жабдық, геосканер және металл детекторын пайдалана отырып, нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді.

Сондай-ақ кинологиялық бригадалар опырылған жерде тұрақты жұмыс істеп жатыр. Жұмыс арнайы құралдардың бағытына қарай жүргізіледі", - деді ведомство өкілдері.

Карьерге құлаған автобус оқиғасы

Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болған - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

5 қаңтарда Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.

Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады. Кейін Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті автобус құлап кеткен "Майқайыңналтын" АҚ аумағында жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Кейін Павлодар облысындағы автобус құлап кеткен "Майқайыңалтын" АҚ аумағына қазуға арналған техника жеткізілгенін жазған едік.

Қаңтардың 15-і Павлодар облысында адамдар мінген автобустың жер астына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.

Ал 17-сі мәжілістің жалпы отырысында AMANAT фракциясының депутаты Амантай Жарқынбек "Майқайыңалтын" АҚ-ға қарасты шахтада болған апатқа қатысты мәселе көтерген болатын.

Сондай-ақ 18 қаңтарда "Майқайыңалтын" шахтасына құлап кеткен құтқарушының әкесі жанайқайын айтқаны туралы жазған едік. Ал 23 қаңтарда 40 қызметкерден жауап алынғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057420-maiqaiynaltyndagy-zer-astyna-qulagan-avtobus-izdestiru-zumystaryna-koripkel-kiristi/

pixel