Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін тексере ме

Опубликовано:

Биік ғимараттар құрылысы
Құрылыс. Көрнекі фото: sinology/Getty Images

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін тексеру мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі заңының 34-4-бабына сәйкес, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшылар іске асырады. Бұл қызмет түрі бәсекелі ортаға берілген", - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Төтеншеліктер құрылыс басталғанға дейін жобалар міндетті түрде сейсмикаға төзімділік бойынша құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін міндетті сараптамадан өтетінін айтты.

"Айта кететін жайт, сейсмикаға зерттеулер жұмыс жобасын әзірлеу және қолданыстағы нормативті құқықтық актілерге сәйкестік сараптамасын өткізу аясында іске асырылады. Осылайша, ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін тексеру Төтенше жағдайлар департаментінің құзыретіне кірмейді", - деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Сол күннен бері Алматыда бірнеше рет жер асты дүмпуі тіркелген болатын.

Одан бөлек, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жерасты дүмпуі неліктен қайталанып жатқанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057686-tzd-gimarattardyn-seismikaga-tozimdiligin-teksere-me/

pixel