Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Трап жолдары жеткіліксіз": Астана-Алматы рейсінің жолаушысы ұшақтан жарты сағат бойы түсе алмағанын айтты

Опубликовано:

Ұшақ ішіндегі жолаушылар
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін елордадан оңтүстік астанаға ұшып келген алматылық Астана-Алматы рейсінің жолаушылары жарты сағат бойы ұшақтан түсе алмағанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқырманымыздың ақпараты бойынша, ол бүгін күндіз Air Astana әуе компаниясының ұшағымен Астанадан келген. Әуелі рейс бір сағатқа кешіккен, бірақ кейін Алматыға жеткен бойда қызметкерлер жолаушыларды ұшақтан түсірмей отырған.

Әуе компаниясының қызметкерлері саммитке байланысты ұшақтарда трап жолдары жеткіліксіз екенін айтқан.

"Рейс Астанадан сағат 15:40-та ұшып шығуы керек еді, бірақ 17:03-те ауаға көтерілді. Алдымен 15 минутқа кешіккен, кейін тағы 20 минутқа кешікті, одан соң тіпті кеш ұшты. Әуе кемесі келді деп хабарланған. Түсінуімше, ұшақ саммитке байланысты кешіккен.

Алматыға ұшып келген соң бізді (ұшақты – ред.) тіркеп сүйреген, басында 10 минуттай отырдық. Сосын 15 минуттан соң трап жоғы хабарланды. Одан тағы 20 минут өткен кезде олар (ұшақ қызметкерлері – ред.) саммитке әрі көптеген ұшақ ұшып келуіне байланысты әуежайда трап жолдары жеткіліксіз екенін айтты", – деп әңгімеледі ер адам.

Алматы әуежайы аталған жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, ақпанның 2-сі Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өткізілетіні хабарланған болатын.

Іс-шараға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары – Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин қатысты. Сондай-ақ іс-шарада Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев болды.

Сондай-ақ кеше саммитке Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров та келген еді, алайда бүгін ол Бішкектегі жылу орталығында болған апатқа байланысты дереу Қырғызстанға оралған еді.

Бұдан бөлек, ақпанның 1-2-сі Алматыда DigitalAlmaty 2024: Industry X дәстүрлі форумы өткені хабарланды. Оған саяси және қоғам қайраткерлері, түрлі елдердегі сарапшылық топтарының жетекші өкілдері әрі IT бизнес көшбасшылары қатысты.

Бұған дейін Алматы полициясы алматылықтарға үндеу жасап, осы екі жайтқа байланысты көлік жолдарында шектеулер болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058928-trap-zoldary-zetkiliksiz-astana-almaty-reisinin-zolausysy-usaqtan-zarty-sagat-boiy-tuse-almaganyn-aitty/

pixel