Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор қызметкерлері Ақтөбе облысындағы 18 жыл күрделі жөндеу көрмеген автожолды тексеруге барды

Опубликовано:

"Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" тас жолы
"Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" тас жолы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысындағы "Ақтөбе ҚарабұтақҰлғайсын" тас жолы 18 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген. Бір жылда аталған бағытта жол апатынан 33 адам қаза болды. Жүргізушілердің әбден титығына тиген республикалық маңызы бар автожолға Антикор қызметі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Батыс Европа – Батыс Қытай" дәлізі бойындағы республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" жолының тозығы жетіп тұр. Ақтөбелік жүргізушілердің бұл аймаққа шағымы көп.

"Бұл жермен күнделікті жүреміз. Жолдың жағдайы нашар. Осы тұста жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға дейін төмендетеміз. Жолдың барлығы ойық. Жүру қиын. Қаншама жол апаты болады. Өзім Шымкенттенмін. Үнемі жолда жүремін. Тап осы Хромтау ауданының тұсында жүру қиын", деді жүргізуші Ербол Мамбетов.

Ал жол күтіміне жауапты мекеме басшысы жол күтіміне қажет тиісті техниканың жартысы да жоқ екенін айтып ағынан жарылды.

"Республикалық жол 1869 шақырым. "ҚазСервис" мекемесінде қыс мезгіліне күтіп ұстауға 97 техника бар. Норматив бойынша 257 техника керек. 162 техника жетпейді. Бар техникамен жолды ұстап тұрмыз. Біздің міндетімізқысы-жазы күтіп ұстау. Биылдың өзінде 1,5 млрд теңгені жеткізбей беріп отыр. Бар 97 техниканың 55-і ескі, істен шығуға шақ қалып тұр. Қыста жүк көліктерінің жанар жағармайы қатып, жолды бөгейді. Біреуі бір минут тоқтаса, 15 көлік тұрады. Қыстай 40 рет жабылды. Боран, көктайғақта жабамыз. Кейбірі тыңдамай шығып кетіп, жолды бітеп тастайды. Былтыр 21 техника алдық. Барлығы 97 болып тұр. Кейбірін жалға аламыз. Ол да жетпейді. Былтыр біз 150 мың шаршы метр ағымдағы, 40 мың шаршы метр ой-шұңқыр жөнделді", деді "ҚазСервис" мекемесі Ақтөбе филиалының директоры Рахат Сыдықов.

ескірген жол
Жол. Фото: KAZ.NUR.KZ

ІІІ техникалық санаттағы жолдың өткізу қабілеттігі тәулігіне 3000 автокөлік болса, қазіргі таңда жүріп жатқан транзиттік көліктің қарқыны төрт есе артық.

"Қазіргі кезде Антикор проблемалық сұрақтар бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Жол мен инфрақұрылым мәселесі өңірде өте өзекті. "АқтөбеҚарабұтақҰлғайсын" бағыты проблемалық аймақ. Бұл жолға уақытылы күтім жасалмаған, техника саны да жеткіліксіз. Біздегі мәлімет бойынша 2005-2006 жылдары мұнда жөндеу болған, содан бері жөнді жұмыс атқарылмаған. Бұл үшінші категорияның жолы, мұнда күн сайын 10 мың көлік жүреді. Оның 70 пайызы жүк көлігі. Жөндеу жұмыстары үшін "ҚазАвтоЖол" АҚ-ы биыл 56 шақырымға конкурс жариялап, үш жылға жоспарланды. Бұл әлі де аз. Себебі өзге жол да нашар күйде. Көбіне жұмыс басталған кезде жемқорлық тәуекелі көбейеді. Оны да есте ұстаймыз. "ҚазСервис" мекемесінде техника екі есе аз. Оларға да ұсыныс береміз. Бұлар осы жолға қарауға міндетті", деді Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058952-antikor-qyzmetkerleri-aqtobe-oblysyndagy-18-zyl-kurdeli-zondeu-kormegen-avtozoldy-tekseruge-bardy/

pixel