Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды

Жарияланған күні:

"Майқайың-алтын" АҚ аумағы
"Майқайың-алтын" АҚ аумағы. Фото: Павлодар облысы ТЖД

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, "GRP-RIDDER-GROUP" ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгергені анықталды.

"Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар екендігі белгілі болды. Құлау қаупі өте жоғары. Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу іздестіру-құтқару жұмыстарының барлық қатысушыы үшін өте жоғары қауіп пен тәуекелділікте", - делінген хабарламада.

Апатты жою басшысының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты "Майқайыңалтын" АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылатын болады.

"Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

"Майқайыңалтын" аумағында қаза болған құтқарушылардың отбасына сақтандыру өтемақысы берілетіні, отбасының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді жұмыс беруші өз мойнына алатыны белгілі болды.

2 ақпан күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құтқарушының каскасы мен қол радиостанциясы табылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059169-maiqaiynaltyn-aq-aumagynda-izdestiru-qutqaru-zumystary-toqtatyldy/