jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысындағы боран: әскерилер құтқарушыларға қалай көмектесіп жатыр (видео)

    Әскерилер құтқарушыларға көмектесіп жатыр
    Әскерилер құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Төтенше жағдайлар министрлігі әскерилердің құтқарушыларға жұмыс барысында көмектесіп жатқаны түсірілген видео жариялады. Еске салайық, қазір Ақтөбе облысында қарлы боран болып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "ТЖМ 20982 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақтөбе облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарына қатысуда.

    Адамдарды құтқару және эвакуациялау, техниканы қар құрсауынан босату, электр желілерін қалпына келтіру үшін мамандарды тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Еске салайық, Ақтөбе облысында бірнеше күн бойы ақтүтек боран болып жатыр.

    Салдарынан тіпті ауа райының бұзылуына байланысты рейстер тоқтатылып, әуежайды таңға дейін жауып тастаған болатын. Оған қоса 20 шақты елді мекен жарықсыз қалып, оқушыларды қашықтан оқуға ауысатыны хабарланған еді.

    Сондай-ақ ақтөбелік фельдшерлер қолайсыз ауа райы кезінде науқастан түскен шақыртуға тізеден қар кешіп бара жатқан сәтін видеоға түсірген. Желіде жарияланған бейнежазба лезде тарап кетті. Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақтөбелік фельдшерлердің еңбегін атап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Министр науқастың өмірі үшін түрлі қиындықты жеңіп шығуға дайын медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

    Кейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданы жедел жәрдем қызметінің аға фельдшері Сая Рысбай тілшімізге ақтүтек боранда медициналық көмекке мұқтаж жанның шақыртуына қалай жеткенін айтып берген еді.

    Оқиға 8 ақпан күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болған. Сая Рысбек әріптестерімен бірге белден келетін қар мен ақ боранда шақыртуға бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Әріптес фельдшерлер жарты жолда көлігін тастап, белуардан келетін қар кешіп, діттеген жерге бір сағатта әрең барған.

    Ақтөбе облысындағы боран: әскерилер құтқарушыларға қалай көмектесіп жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.