Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елдің кей өңірлерінде 40 градус аяз болады

Опубликовано:

Қар жауып тұр
Қар. Көрнекі фото: Рexels.com

15-17 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы күрт суытады. Кейбір аймақтарда аяз 38 градусқа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің түсіндіруінше, арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан ауысады және бірте-бірте республиканың басым бөлігін жауып, аяз әкеледі.

"15 ақпанда еліміздің шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады", - делінген хабарламада.

Болжамды ауа температурасы:

  • батыста түнде -12...-30 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта -30...-38 градусқа дейін;
  • 16 ақпанда шығыста -18...-35 градусқа дейін;
  • оңтүстікте -10...-30 градусқа дейін;
  • 17 ақпанда оңтүстік-шығыста -15...-28 градусқа дейін.

Еске салайық, бүгін Астанада қарлы боран салдарынан бірден екі ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді.

Кеше алматылық құтқарушылар қар көшкіні қаупіне байланысты халықты тауға бармауға кеңес берген. Ал өткен аптаның аяғында Қазақстанның солтүстігінде екпіні 28 м/с-қа жеткен дауылды желдің салдарынан ондаған ауыл жарықсыз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060914-aldagy-kunderi-eldin-kei-onirlerinde-40-gradus-ayaz-bolady/

pixel