Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық университет өкілдері "пәк қыздар тізімі" қайдан шыққанын түсіндірді

Опубликовано:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті. Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "пәк қыздар тізімінің" қайдан шыққанын түсіндіріп, университетте алдын ала ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы университетке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін "Smart Health University City " ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджерімен флюорографиялық зерттеуден өтпеген механика-математика факультетінің 3 және 4 курс студенттерінің тізімі жазылған Excel форматындағы құжаттарды флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін осы факультет деканатының маманына жіберді.

Алайда берілген құжаттарда студенттердің аты-жөнінен басқа медициналық құпияға қатысты ақпарат та болған", - деп хабарлады университеттен.

Соның салдарынан медициналық құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлерде тарап кетті, деп толықтырды баспасөз қызметі.

"Осы факт бойынша 2024 жылғы 14 ақпанда университетте қызметтік тексеріс тағайындалды және Алматы қаласының прокуратурасына осы факт бойынша прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды. Одан бөлек, студенттердің құқығын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды. Сонымен қатар университет "Smart Health University City" ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастыруда", - деді ҚазҰУ өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы мәжіліс кулуарларында Алматының жоғары оқу орындарының бірінде тараған "пәк қыздардың тізімі" туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын.

Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл жағдайдың заңбұзушылық ретінде қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ олар кінәлілер әкімшілік жазаға тартылуы үшін зардап шеккен қыздарға министрлікке хабарласуды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060969-almatylyq-universitet-okilderi-pak-qyzdar-tizimi-qaidan-syqqanyn-tusindirdi/

pixel