Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: ktk.kz

Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының соты өтіп жатыр. Сотта тараптар арасында пікірталас болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлы айыпталып жатқан эпизодтарды бір сағаттай тізіп шықты. Олардың қатарында миллиондаған долларды ұрлау, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары және рейдерлік әрекетке бару. Соңғысы "Дипломат" қонақүйі туралы болып отыр.

Бұған дейін мемлекеттік айыптау тарапының айтуынша, "Дипломат" қонақүйінің иесі Қ. ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлынан көмек сұрап, бұрынғы мәдениет және спорт министрі 2,5 млрд теңге беруге келіскені хабарланған.

Мұның орнына Мұхамедиұлы, прокурордың сөзіне қарағанда, 71 пайыз үлесті енесінің атына рәсімдеуді сұраған. Содан кейін қалған үлесті беруді де сұрайды, бірақ Қ. мырза бұған келіспейді. Ал бұрынғы министр кәсіпкерді қонақүйге кіргізбеу туралы бұйрық береді.

Қонақүй иесі мен Мұхамедиұлының арасында жанжал басталады. Сондай-ақ, прокурордың айтуынша, экс-министр өз адамдарын қонақүйге жұмысқа орналастырып, өз өкілетін жиі асыра пайдаланған.

Прокурор Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді деп есептеді. Бірақ жауапкерде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Жеңілдетілген жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыра отырып, прокурор мүлкін тәркілеусіз 8 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мұхамедиұлына осыған дейін жаза тағайындағанын ескере отырып, жиынтық толықтыру арқылы прокурор экс-шенеунікті өмір бойына мемлекеттік қызмет және бірқатар ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырумен, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтеуді сұрайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі

2022 жылдың мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Астанадағы ҚР Ұлттық музейінің шенеуніктерінің қатысында тергеу жүргізе бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Музей басшылығы" Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" көрмесі кезінде 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

2022 жылдың мамыр айының соңында ол ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен тағы бірнеше адамға қатысты сот 2023 жылдың сәуірінде Астанада басталды.

Айыптаушы тарап Мұхамедиұлы бір топ адамдар арасында Үндістанда "Алтын адам" көрмесін өткізу үшін 350 миллион теңге жұмсады деген күдікке ілінгенін, прокурорлардың айтуынша, көрме өткізілмегенін айтты.

Прокурорлар Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек оның адвокаты сотқа аппеляциялық шағым түсірді.

Кейін Мұхамедиұлының тағы бір соты Астанада басталатыны белгілі болды. Прокурор экс-мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлына тағы қандай айып тағылғанын түсіндірді.

Ал жақында Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062650-prokuror-arystanbek-muxamediulyn-12-zylga-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/

pixel