Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға оқталды деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның жұбайы Ғалия Ысқақоваға және адвокат Мұстахим Төлеевке қатысты үкім шығарды.
Мұхамедиұлына аса ірі көлемде пара алуға оқталғаны, оның әйелі Ысқақова пара алуда делдал болғаны үшін, ал адвокат Төлеев алаяқтық жасады деп айыпталды.
Сот мәліметінше, 2022 жылғы желтоқсанда тергеу изоляторында жатқан Мұхамедиұлы қамаудан шығуды көздеген және "Д" қонақүйін меншігінде қалдырғысы келген. Ол өзінің адвокаты Төлеев арқылы шенеуніктерге пара беруге оқталған. Жұбайы Ғалия Ысқақованы да бұл іске араластырған.
2022 жылғы желтоқсанда экс-министрдің әйелі Төлеевке "Д" қонақ үйінің мәселесі оңынан шешілгені үшін 140 мың доллар берген.
- 2023 жылғы қаңтарда әйелі алдын алу шарасын өзгерткені үшін тағы 120 мың доллар аударған.
- 2023 жылғы сәуір айында ол күйеуінің жазасын жеңілдеткені үшін Төлеевке тағы 100 мың доллар аударған.
- 2023 жылғы маусым айында ол ұлы арқылы адвокатқа 27 млн теңге және 40 мың доллар аударған.
"Бірақ адвокат Төлеев алдау, сенімге кіру арқылы ақшаны иемденіп, өз қалауына жұмсаған", - деп хабарлады соттағылар.
Бұған дейін Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Енді жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы негізінде экс-министр 11 жылға бас бостандығынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Ғалия Ысқақова пара алуға делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Мұстахим Төлеев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға сотталды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі
2022 жылдың мамырында Антикор қызметкерлері Астанадағы Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізе бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Мұражай басшылығы "Алтын адамның шеруі әлем мұражайлары бойынша шеруі" көрмесі кезінде 146 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.
2022 жылдың мамыр айының соңында ол ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен тағы бірнеше адамға қатысты сот 2023 жылдың сәуірінде Астанада басталған.
Айыптаушы тарап Мұхамедиұлы бір топ адаммен бірге Үндістанда "Алтын адам" көрмесін өткізуге жалған 350 млн теңге жұмсаған деген күдікке ілінгенін, көрме өткізілмегенін мәлімдеді.
Прокурорлар Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін оның адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.
Кейін Мұхамедиұлының тағы бір соты Астанада өтетіні белгілі болды. Ал кейінгі сот отырыстарының бірінде рейдерлік жасады деп айыпталған Ұлттық музейдің экс-директоры судьяны Гераклға теңеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060771-eks-ministr-arystanbek-muxamediuly-men-onyn-aieline-qatysty-sot-ukimi-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.