Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясы экс-бастығына қатысты сот басталды
Жарияланған күні:
Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы Жетісу облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Талдықорған қалалық соты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен айыпталған күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Сот жабық есік жағдайында өтеді", - деп деп хабарлады облыстық соттың қызметі.
Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін ол екі айға қамауға алынған. Сонымен бірге Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063553-qyz-zorlady-dep-aiyptalgan-taldyqorgan-policiyasy-eks-bastygynyn-soty-bastaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.