jitsu gif

Алматыда 384 қабылдау пункті жұмыс істеп тұр

Қабылдау пункті
Алматыдағы қабылдау пункті. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы әкімдігі қазіргі уақытта қабылдау пунктері 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадионда орналасқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, пункттер туралы барлық дерек 2ГИС платформасында орналастырылған.

Іздеу жүйесінде "зардап шеккен халықты қабылдау пункті" деп қосымшасына енгізген кезде карталарда тұрғындар үшін барлық қолда бар жинау пункттері көрсетіледі.

Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында да бар.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Айта кетейік, 4 наурызда Алматыда магнитудасы бес балдық жер сілкінісі болды.

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД бастығы үндеу жасады.

Сондай-ақ Досаев жедел штаб құрылып, алдағы іс-шаралар талқыланып жатқаны хабарланды.

Алматыда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.

Мегаполисте жер сілкінісінен кейін мектептер мен колледждер, ЖОО-ларда сабақ тоқтатылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.