Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ әскери қызметшілері халыққа көмектесуге дайын

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі кезінде дайындыққа келтірілген әскери қызметшілер
Әскери қызметшілер. Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері қажет болған жағдайда Алматы халқына көмек көрсетуге дайын тұр. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттерінде дайындыққа келтірілді және төтенше жағдай аймағына шығуға дайын", - делінген ведомствоның Telegram арнасындағы хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064378-almatydagy-zer-silkinisi-tzm-askeri-qyzmetsileri-xalyqqa-komektesuge-daiyn/