Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ұялы байланыс қалай жұмыс істеп тұр

Опубликовано:

Смартфон
Смартфон. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық ұялы байланыс операторларының өкілдері Алматыдағы жер сілкінісінен кейін байланыс қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматыда болған жер сілкінісі базалық станцияларға, CORE желілеріне және компанияның басқа да инфрақұрылымдарына әсер еткен жоқ, қазіргі уақытта барлық жүйелер мен жабдықтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Алайда жерасты дүмпулері кезінде, яғни 11.37-ден 11.43-ке дейінгі аралықта жаппай қоңырауларға байланысты желідегі жүктеменің күрт артқаны (15 пайыз) байқалды. Оператор мамандары оны 11:44-те теңестіріп, желі жұмысын қалпына келтірді", - деп хабарлады "Кселл" баспасөз қызметі.

Beeline да Алматыдағы жер сілкінісі ұялы байланыс желісінің жұмысына ешқандай әсер етпегенін атап өтті.

"Барлық жабдық дұрыс жұмыс істеп тұр. Дүмпулерден кейін мониторинг орталығы абоненттік белсенділік өскенін тіркеді, бұл желіге жүктеменің артуына әкелді. Дегенмен қазір барлық көрсеткіш қалыпты күйге оралды, қызметтер дұрыс жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады Beeline.

Tele2 компаниясының өкілдері де байланыс желісі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

"Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісі кезінде Tele2/Altel байланысы жұмыс істеп тұрды және дүмпулерден кейін қалыпты режимде үзіліссіз жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар байланыс операторының инфрақұрылым нысандарына зақым келмегенін атап өтеміз.

Оператор командасы табиғи апаттар кезінде абоненттердің байланыста болуы қаншалықты маңызды екенін түсінеді және барлық жағдайда тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деп қосты оператордың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда магнитудасы бес балдық қатты жер сілкінісі болды.

ТЖД жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып берді.

Жер асты дүмпуінен кейін әуежайдың қалай жұмыс істейтінін де жазған болатынбыз.

Сонымен қатар сейсмолог Дәулет Сәрсенбаев алдын ала мәлімет бойынша, сағат 16.00-ге дейін халық қабылдау пункттерінде болу керек екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064386-almatydagy-zer-silkinisinen-keiin-uyaly-bailanys-qalai-zumys-istep-tur/

pixel